русский язык

«Бірінші арна – Еуразия» еліміздің комментаторларын менсінбеді

«Бірінші арна – Еуразия» еліміздің комментаторларын менсінбеді
Жақында ресейлік телекомментаторлар Роман Нагучев пен Дмитрий Федоров әлем чемпионатында «Бірінші арна – Еуразияда» жұмыс жасайтыны мәлім болған еді. Дәл осыған қатысты қазақстандық спорт комментаторы Дмитрий Мостовой наз-өкпесін жеткізді.
 
«Телекомментатор Роман Нагучев әріптесі Дмитрий Федоровпен бірге «Бірінші арна – Еуразияда» әлем біріншілігін жүргізетінін жар сала жария етті. Алайда «Бірінші арна – Еуразияда» менің әріптестерім Евгений Акманов пен Сергей Райлян жұмыс істеуі керек болатын. «Бұл қалай болған екен?» деп мен оларға мән-жайды білмекші болып хабарлассам, олар бұл жаңалықты ғаламтордан білген екен», – деп жазды Мостовой.
 
Журналистің айтқанына сүйенсек, «Еуразия» телеарнасы Акманов пен Райлянды керек қылмайтынын 10 маусымда ғана хабарлаған, яғни чемпионаттың басталуына бірнеше күн қалғанда.
 
Осы жайында Акманов байлай деді: «Біз Сергей екеуіміз әлем чемпионатында комментатор болуымыз керек еді. Бұл туралы бізге сәуірде айтып қойған. Алайда кеше ресейліктердің жұмыс істейтінін білдік. Сосын бұл ақпарат ресейлік сайттарда жарияланды. Мен телеарнаның басшылығымен хабарласуға тырыстым, бірақ олар телефонға жауап бермеді. Кеше ғана бізге ресми түрде қызметіміздің қажет еместігін айтты. Бұл біздің намысымызға тиген жағымсыз жағдай», – деді.
 
Акмановтың ойынша, Нагучев пен Федоровтың гонорарлары оларға тиісті сомадан екі есеге асып кетуі мүмкін.
 
Өз кезегінде телеарнаға наразылығын білдірген Мостовой «Еуразия» арнасынан матчтарды қарамайтынын айтты. Сонымен қатар, ол Сергей Райлянмен жұп құрайтын қазақ тілді комментатор Нұржан Еркінұлының да арнада жұмыс жасаудан бас тартқанын хабарлады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;