русский язык
Футбол

«Қайсар» Шевцов және Узденовпен келісімшартты үзді

«Қайсар» Шевцов және Узденовпен келісімшартты үзді

«Қайсар» футбол клубы Сергей Шевцов және Магомед Узденовпен келісімшартты үзгенін ресми түрде хабарлайды.

Екі тарап келісімшартты өзара келісім бойынша үзді. Айта кетейік, Магомед Узденов «Қайсар» сапына 2013 жылдың шілдесінде қосылған болатын. Былтыр команданың негізгі құрамында өнер көрсеткен Магомед биыл «Қайсардың» дубльдік командасына көмектесті.

Ал қызылордалық командаға қысқы маусымаралық трансферлік кезеңде қосылған Сергей Шевцов биыл Премьер-лигада екі кездесуге қатысып, алаңда барлығы 98 минут ойнады.

«Қайсар» футбол клубы Сергей мен Магомедке зор алғыс білдіріп, жаңа клубтарында сәттілік тілейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;