русский язык

Ірі компаниялар Конфедерацияны қолдайды

Ірі компаниялар Конфедерацияны қолдайды

NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясы Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан, Конфедерация құрамына кіретін спорт түрлері бар төрт мектепті (орта білім беретін мектеп, бокс залы, балалар мектебі) спорттық құрылғылармен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Халықаралық біріккен кәсіпорын бұл уәдесін биылғы жылы орындамақшы.

Сонымен қатар, Лукойл Оверсиз ЛТД компаниясымен демеушілік турасындағы келісімге қол қойылды. Демеушілік көмек спорттық құрылғылар мен жабдықтарды алуға, сондай-ақ, Қазақстан аймақтарындағы спорттық базаларды материалды-техникалық тұрғыдан нығайтуға бағытталады.

NCOC (North Caspian Operating Company) және Лукойл Оверсиз ЛТД компанияларының мұндай көмек көрсетуі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының демеушілерді тарту жөніндегі қарқынды жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

Конфедерациясы төрағасы Тимур Құлыбаев бұқаралық спорт пен аймақтардағы спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу туралы тапсырма берді. Аймақтардағы спорт мектептерінің материалды-техникалық базасын нығайту да күн тәртібінен түскен жоқ. Екі облыстағы спорт мектептеріне көрсетілген демеушілер көмегі аймақтағы спортты дамыту түсуге ықпал етері сөзсіз.

confederation.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;