Астанада халықаралық Astana Women’s жарысы аяқталды
![Астанада халықаралық Astana Women’s жарысы аяқталды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402491309_579908322.jpg?v=28695818)
Астанада халықаралық Astana Women’s жарысы өз мәресіне жетті. Мұнда апалы - сіңлі украиналық Киченоктар жеңіске жетті. Олар ақтық сында ресейлік жұп - Александра Артомонова мен Людмила Пашковадан басым түсті - 6:1,6:1.
Сонымен қатар, жекелей сынның ақтық кездесуінде Надежда Киченок белорусиялық Илона Кременды екі сетте 6:3,6:1 жеңіп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Надежда және Людмила Киченоктар ағымдағы жылы Астанада өткен халықаралық President’s Cup бәсекесінде де топ жарған болатын.