Ресми: Гейнрих «Ақтөбеден» кетті, Сантана әлі келісім-шартқа отырмады
![Ресми: Гейнрих «Ақтөбеден» кетті, Сантана әлі келісім-шартқа отырмады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402489939_593063654.jpg?v=28697009)
«PROСПОРТ» тілшісі Александр Гейнрихтың командадан ресми кеткенін және бразилиялық Андерсон Сантанамен келісім-шартқа қол қойылмағанын анықтады.
Жағдаймен жақын танысу үшін біз Ақтөбе футбол клубының пресс-атташесі Марат Жұмабаевпен сөйлестік.
- Марат, Гейнрих клубтан кетті ме?
- Иә, бұл солай. Бүгін Александр ұжымға командада өткізген жылдары үшін және оның жетістіктері үшін алғысын айтты.
- Сантана келісім-шартқа қол қойды ма?
- Жоқ. Ол туралы әзірше бапкерлік штаб ойланып жатыр.
- Сонымен қатар, ақтөбелік клубта украиналық жас қақпашы қаралып жатыр деген ақпарат тарады?
- Иә. Бірақ әлі онымен қол қойылған жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, кейбір қазақстандық БАҚ-та Сантананың клубпен келісім-шартқа отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.