русский язык
Футбол

Евгений Яровенко «Тараздың» тізгінін ұстады

Евгений Яровенко «Тараздың» тізгінін ұстады

1988-ші жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Жамбыл футбол мектебінің түлегі Евгений Яровенко «Тараздың» бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды КФЛ.

Яровенко «Тараздың» уақытша бас бапкері қызметін атқарған Нурмат Мирзабаевтың орнын басты. Бұған дейін Евгений Викторович украиналық «Нефтяник» (Ахтырка) командасын жаттықтырған. 2007-2008 жылдары Яровенко петропавлдық «Есиль-Богатырь» және Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;