русский язык
Волейбол

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында күміспен күптелді

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия чемпионатында күміспен күптелді

Қытайдың Цзиньцзян қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты аяқталды.  Аталмыш құрлықтық біріншілікке Қазақстан толық құрам: екі ерлер және екі әйелдер құрамасымен қатысты.

Құрамында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов ойнайтын құраманың екінші нөмірлі жұбы аталмыш сайыста екінші орынды иеленді.  Бұл жетістік қос волейболшы үшін маңызды болып саналады. Екеуі де қазақстандық волейболдың тәрбиеленушілері: Яковлев Дмитрий – павлодарлық  волейбол мектебінің, ал Кулешов – ақтаулық мектептің тәрбиеленушісі. 

Ал, құраманың бірінші нөмірлі жұбы, 2013 жылғы Азия чемпионы Сидоренко-Дьяченко сайысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Әйелдер құрамасының екінші нөмірлі жұбы да дәл осындай нәтижені тіркеді. Ал, Татьяна Машкова  мен Ирина Цимбалова өнер көрсететін бірінші нөмірлі құрама бесінші орынға табан тіреп, нәтижесінде  азиялық рейтингте екі сатыға төмендеді. Өткен жылы Машкова-Цимбалова жұбы жағажай волейболынан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;