русский язык
Футбол

Валерий Газзаев: «Беларусь пен Қазақстанның көптеген командалары чемпионатқа қатысуға дайын екенін білдірген»

Валерий Газзаев: «Беларусь пен Қазақстанның көптеген командалары чемпионатқа қатысуға дайын екенін білдірген»

Белгілі ресейлік маман Валерий Газзаев Біріккен футбол лигасының құрылуы жайлы айтып берді, деп хабарлайды football.by.

«Қазіргі таңда Біріккен футбол лигасын құруымен айналасудамын. Тіпті бәрі дайын болған, күзде құжаттарға қол қою керек еді. Беларусь пен Қазақстанның көптеген командалары мұндай чемпионатқа қатысуға дайын екенін білдірген. Алайда Украинадағы жағдай бәріне кедергі болды. 

Англия премьер-лигасында тұйымдастырушылар елекөрсетілімнен миллиардтаған ақша табады. Содан соң, бұл сома барлық командаларға бірдей бөлінеді. Сондықтан олардың командалары банкротқа ұшырамайды. Бұның бәрі дұрыс. Бізде сондай лиганы құруға шамамыз жетеді. Көп командалардың бюджеті Еуропаның үздік командаларымен бірдей. Бірақ, телекөрсетілімнен небәрі 28 миллион ақша табады. Бұл дұрыс емес жүйе. Сондықтан дұрыс бағытты таңдауымыз қажет, тек қана сол кезде біздің командалар мен ұлттық құрамамыз жақсы нәтиже көрсетеді», — деді Газзаев «Российская газета» басылымына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;