русский язык
Футбол

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Ордабасыдан» ұтылды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Ордабасыдан» ұтылды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы шымкенттік «Ордабасымен» жолдастық кездесу өткізді. 

Аталмыш ойын жастар құрамасының шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны барысында өткізілді. Қос команданың бас бапкері Саулюс Ширмялистің алаңдағы футболшылардың көрсеткен ойынына көңілі толмады. Екі командада көп қателік жіберіп, әлсіз ойын көрсетті. Дегенмен, жолдастық кездесуде «Ордабасы» жеңіске жетті. Алдымен, Артем Касьянов есепті ашса, артынша Эдин Юнузович есепті еселеді. Матч аяқталуына сегіз минут қалғанда Максим Фильчаков жалпы есепті қорытындылады - 2:1. 

«Ордабасы» - Қазақстан (U-21) - 2:1 (2:0)

Голдар: Артем Касьянов 17, Эдин Юнузович 29 - Максим Фильчаков 82

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;