русский язык
Теннис

«Ролан Гаррос». Надаль тоғыз дүркін жеңімпаз

«Ролан Гаррос». Надаль тоғыз дүркін жеңімпаз

Испаниялық Рафаэль Надаль серб Новак Джоковичке мәнсабындағы барлық «Дулығаны» жеңіп алуға мүмкіндік бермеді.

Екі теннисші де ойынды жақсы бастады. Бірақ кейін Надаль бірнеше өрескел қателіктер жіберіп қойды, нәтижесінде бірінші сетте жеңіліп қалды – 6:3. Алайда Рафаэль өз ойынын тапты, осылайша үш сетте жеңіске жетіп, кездесу тағдырын өзгертіп жіберді. Матч 3 сағат және 32 минутқа созылды, матчтың қорытынды есебі 3:6, 7:5, 6:2, 6:4. Өзара кездесулерде де Надаль алда – 23:19.

Парижде топ жарған Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;