русский язык
Хоккей

«Лос-Анджелес» Стэнли кубогының екінші финалдық матчында да «Рейнджерсті» жеңді

«Лос-Анджелес» Стэнли кубогының екінші финалдық матчында да «Рейнджерсті» жеңді

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли кубогының екінші финалдық матчында «Нью-Йорк Рейнджерстен» жеңісті овертаймда жұлып алды.

Бірінші және екінші кезеңдерден соң «Рейнджерс» үзіліске екі шайба айырмашылығымен кетті – алғашқы жиырма минуттықтан кейін есеп 2:0 болса, екіншіден кейін 4:2 есебі тіркелді. Алайда үшінші кезеңде Дуайт Кинг пен Мартин Габорик екі шайба салып, таразы басын теңестіріп  тастады.

Жеңімпаз бірінші кездесудегідей овертаймда анықталды. Командаларға айдында тағы да жарты сағат болуға тура келді. 91-минутта ғана Дастин Браун «патшаларға» сериядағы екінші жеңісін алып келді. Енді келесі ойын «Мэдисон Сквер Гарденде» өтеді.

«Лос-Анджелес Кингз» – «Нью-Йорк Рейнджерс» 5:4 ОТ (0:2, 2:2, 2:0, 1:0)

0:1 – Макдона (Мур) – 10:48
0:2 – Цуккарелло (Макдона, Брассар) – 18:46
1:2 – Столл (Уильямс, Кинг) – 21:46
1:3 – Сан-Луи (Степан, Крайдер) – 31:24, басымдықта
2:3 – Митчелл (Войнов, Уильямс) – 34:39, басымдықта
2:4 – Брассар (Цуккарелло) – 34:50
3:4 – Кинг (Грин, Уильямс) – 41:58
4:4 – Габорик – 47:36
5:4 – Браун (Митчелл, Копитар) – 90:26

Қақпашылар: Куик – Лундквист

Серия есебі: 2:0

 

 

 

 

Видео YouTube порталындағы Captain Canada арнасынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;