русский язык
Футбол

Еуропаны бағындырған аяқдопшылар Алматыда дайындықтарын пысықтап жүр

Еуропаны бағындырған аяқдопшылар Алматыда дайындықтарын пысықтап жүр

Қазақстанда енді бес жылдан кейін Еуропа елдерімен тіресе алатын футбол командасы өнер көрсетуі мүмкін.

2000 жылы туылған өрендерден жасақталған допшылар тобы қазір Алматыдағы республикалық спорт колледжінде дайындықтарын пысықтап жүр. Шет елдің азуын айға білеген командаларын тұқыртатын таланттарды тұтас Еуропа біледі екен. Тіпті, негізгі қарсыластарына балайды. Бапкер Василий Маруноктың сөзі осыған саяды.

Василий Марунок Команда бапкері:
- Біреуге шын, біреулер сенбеуі де мүмкін. Сіздер дайындығына куә болып отырған мына балалар Еуропа елдеріндегі турнирлерде көзге түсті. Бір ғана мысал. Санкт-Петербурдағы жарыста ағылшынның «Тоттенхэмін» 1:0 есебімен ұттық. Жергілікті «Зенит» академиясымен тең түсіп, Ресей чемпиондары саналатын «Чертанова» академиясының командасынан да басым түстік.

Италиядағы жарыста да өз тұстастарының бәрін жеңген. Қазақстанның төрт бұрышынан таланттар жинаған спорт колледжі енді екі жылдан кейін екінші лигаға команда қосуды жоспарлап отыр. Жеті жылдың іщінде мықтылар санатына қосылуды ойлайды. Тек бір ғана мәселе қалып тұр. Осы команда сапындағы ойыншылардың тең жартысын Испания мен Италия, Ресей скауттары байқапты. Енді келісім жүргізіп жатқан көрінеді. Өз тұстастары арасындағы біріншілікте 120 гол соғып, өз қақпаларына төрт қана доп жіберген жас таланттардың ойын өрнегі шын мәнінде сын көтеретін шамада. «Қазақстанда бізге шақ келетін қарсылас жоқ. Енді тек Еуропа елдерінің академияларының шеберлігін тексереміз»,-деседі өздері.

khabar.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;