русский язык
Футбол

Алексей Щеткин: «Жігіттер өзіне сенімді»

Алексей Щеткин: «Жігіттер өзіне сенімді»

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин алдағы жолдастық кездесу туралы «PROСПОРТ» тілшісімен сұхбатта өз ойымен бөлісті.

«Тараз» командасындағы жағдайыңыз көңілізден шығады ма? Не себепті  «Атыраудан» кеттіңіз?

-  «Тараз» клубының басшылығы мені жалға алу туралы «Атырауға» ұсыныс жасады. Таразда маған барлық жағдай жасалған, барлығына ризамын.

- Маңызды матчтарға қарағанда жолдастық кездесуде ойнаған оңайырақ шығар? Не дегенмен жауапкершілік аз...

- Бұл сұраққа жауап беру қиын болып тұр. Негізі әрқашан барлық ойынға тиянақты дайындалу керек сияқты.

- Красножан бапкермен жұмыс істеген қалай екен? Қазіргі жиын туралы өз ойыңызды айтсаңыз...

- Оның жаттығулары қызықты өтеді. Қатты қиналмаймыз. Тактикалық жаттығуларды көп жасаймыз. Барлық ойыншылардың көңіл-күйі жақсы. 

- Венгрия құрамасының ойынын көрдіңіздер ма?

- Әлі толық зерттеп болған жоқпыз.

- Красножан қандай бапкер? Ал қарапайым адам ретінде?

- Ол өте мықты психолог, командада тек жақсы көңіл-күй болады. Жігіттер өзіне сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;