русский язык

ӘЧ-2014. Қатысушылар жолдастық кездесу өткізді

ӘЧ-2014. Қатысушылар жолдастық кездесу өткізді

Бразилиядағы әлем чемпионатының қатысушылары төрт жылдықтың басты турниріне дайындық барысында жолдастық кездесулер өткізді.

Майнцта Армениға қарсы ойнаған Германия құрамасы бірінші таймда есеп ашпағанымен, үзілістен кейін жанкүйерлерін алты голмен қуантты. Армениялық футболшылар Генрих Мхитрянның пенальтиден салған голымен ғана жауап бере алды.

Германия – Армения 6:1

Голдар: Шюррле, 52 (1:0); Мхитарян, 69 (1:1, пен); Подольски, 72 (2:1); Хеведес, 73 (3:1); Клозе, 76 (4:1); Гетце, 82 (5:1); Гетце, 89 (6:1)


 

Алдағы мундиальдің қожайындары Бразилия Сан-Паулуда сербиялық құрамаға бір ғана гол сала алды. Жалғыз доптың иесі Фред.

 

Бразилия – Сербия 1:0

Гол: Фред, 58 (1:0)


 

Америкалық Тамп қаласында өткен Жапония мен Замбия құрамаларының арасындағы матч нәтижелі болды. Алдымен 2:0 есебімен қара құрлықтың өкілі алға шықты, алайда жапониялықтар 75-минутқа дейін үш гол салып, таразы басын теңселтіп тастады. Ойын соңында қарсыластар бір-бірінің қақпасына бір голдан салды – 4:3 есебімен азиялықтар жеңіске жетті.

Кездесуде Кейсуке Хонда дубльмен көзге түсті.


 

Жпония – Замбия 4:3

Голдар: Катонго, 9 (0:1); Шинкала, 29 (0:2); Хонда, 40 (1:2, пен); Кагава, 74 (2:2); Хонда, 75 (3:2); Мусонда, 89 (3:3); Окубо, 90+1 (4:3)


 

Америкалық Харрисонда Греция құрамасы боливиялық командаға қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Панайотис Коне мен Константинос Кацуранистің голдарына оңтүстік америкалықтар Руди Кардосоның голымен жауап қатты.

Греция – Боливия 2:1

Голдар: Коне, 21 (1:0); Кацуранис, 54 (2:0); Кардосо, 70 (2:1)


 

Коста-Рика құрамасы Ирландиямен тең түсті. Бірінші ирландиялықтар есеп ашты – 18-минутта Кевин Дойл көзге түсті. Коста-рикалықтар екінші таймда есепті теңестірді – Сельсо Борхес он бір метрлік айып добын пайдаланды. Ирландиялықтар екінші рет алға шығу мүмкіндігіне ие болды, бірақ Робби Кин пенальтиді орындай алмады.

 

Коста-Рика – Ирландия 1:1

Голдар: Дойл, 18 (0:1); Борхес, 64 (1:1, пен)


 

Буэнос-Айресте Колумбия құрамасы Иорданияны тас-талқан етті. Есепті колумбиялықтар Хамес Родригестің пенальтиден салған голының арқасында ашты. Оңтүстік америкалықтар екінші таймның соңын да керемет өткізді – Хуан Куадрадо мен Фреди Гуарин есепті іріге дейін жеткізді.

Колумбия – Иордания 3:0

Голдар: Родригес, 42 (1:0, пен); Куадрадо, 83 (2:0, пен); Гуарин, 89 (3:0)


 

Мексика мен Португалия құрамаларының арасындағы матчта нөлдік есеп соңына дейін сақталып тұрды. Тек қосымша уақытта Бруно Алвеш бұрыштама доптан. кейін португалиялықтарға жеңіс сыйлады.

Мексика – Португалия 0:1

Гол: Алвеш, 90+3 (0:1)


 

Ал Хорватия мен Австралия құрамалары қазір Бразилияда. Салвадор қаласында өткен матчта хорваттар бір гол айырмашылығымен жеңіске жетті – Никита Елавич жанкүйерлерінің көзайымына айналды.

 

Хорватия – Австралия 1:0

Голдар: Елавич, 58 (1:0)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;