русский язык

Едигарян Ройсты мундиальдан тайдырды

Едигарян Ройсты мундиальдан тайдырды

 «Боруссия» клубының ойыншысы Марко Ройс пен «Қайрат» футболшысы Артур Едигариян қақтығысып қалып, соңы Ройстың жарақат алуымен аяқталды.

Германия мен Армения құрамалары арасындағы жолдастық кездесу барысында Ройс Едигарянмен соқтығысып қалып, сол аяғының тобығын жарақаттап алды. Ауыр жарақатының салдарынан ойын ортасында алмастырылды. Дәрігерлердің алдын ала болжауынша Марко әлем біріншілігінің топтық кезеңіне қатыса алмайды.

Ройс алаң иегіне шыққанда сол аяғымен жер баса алмады. 

Иоахи Левтің шабуылдаушы жартылайқорғаушылардан таршылық көрер жері жоқ. Марио Гетце, Мезут Өзіл және Лукаш Подольски сынды футболшылар Ройстың орнын баса алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;