русский язык
Футбол

Лионель Месси — әлемдегі ең қымбат футболшы

Лионель Месси — әлемдегі ең қымбат футболшы

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES)  «Барселона» мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессиді әлемдегі ең қымбат футболшы деп атады.

Футбол нарығын зерттеуге арналған жыл сайынғы есепте Мессидің құны 200,2 млн. еуродан 232,6 млн. еуроға дейін жететіні жазылған.

Рейтингтегі екінші орынға мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду лайық деп танылды. Ол 105,7 млн. еуро – 122,9 млн. еуро шамасында бағаланды.

Үздік үштікті «Ливерпульдің» және Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес тұйықтады. CIES есебінше оның құны 98,5 млн. еуродан 114,5 млн. еуроға дейін.

Үздік ондыққа сондай-ақ Эден Азар («Челси»), Неймар («Барселона»), Поль Погба («Ювентус»), Гарет Бейл («Реал»), Месут Озил («Арсенал»), Эдинсон Кавани («Пари Сен-Жермен») және Марио Гетце («Бавария») енді.

Айта кетейік, Мессидің орташа құны өткен жылғымен салыстырғанда 19 млн. еуроға төмендесе, Криштиану Роналдудың орташа құны 4 млн. еуроға өсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;