русский язык
Футбол

Виктор Кумыков: «Шомко жарақатына байланысты үйіне ұшып кетті. Байжанов та бабында емес»

Виктор Кумыков: «Шомко жарақатына байланысты үйіне ұшып кетті. Байжанов та бабында емес»

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның көмекшісі, қарағандылық «Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында алдағы Венгрияға қарсы кездесу мен «Шахтер» жайлы айтып берді.

- Венгрияға қарсы матчта Юрий Красножан жаңа тактикалық өзгерістер енгізе ме? 

- Аса өзгерістер болмайды. Қазіргі таңда, Юрий Анатольевич ойынға ең жақсы ойыншыларды дайындауда. Кеңейтілген тізімнен Венгрияға барлығы бара алмайтынын ойыншылар біледі.

- Жаттығулар ауыр ма?

- Бүгін ауырлау болды жаттығу. 

- Негізгі құрамда кімдер шығады?

- Қазірде екі құраманы дайындап жатырмыз. Венгрияға қарсы ойынға шығатын футболшыларды кездесуге бір күн қалғанда анықтаймыз. 

- Бүгінгі жаттығуда Дмитрий Шомко мен Мақсат Байжанов болмады, себебі неде?

- Шомко жарақатына байланысты үйіне ұшып кетті. Байжанов та бабында емес.

- Богданов «Шахтерге» ауысуы мүмкін бе?

- Богданов тәжірибелі, мықты ойыншы. Дегенмен, оның «Тобылмен» келісімшарты бар.

- Еуропа лигасы қарсаңында «Шахтерге» жаңа ойыншылар келе ме?

- Әрине. Қорғаушы мен жартылай қорғаушы керек. Сондай-ақ, шабуылда ойнайтын бір футболшы қажет.

- Жиын барысында Алматыға Александр Кировты шақырдық. Бұдан өзге, Еуропа чемпионатында ойнаған Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Никола Покревац Алматыдағы жиынға қосылады. Онымен келісімге келдік. Үшінші футболшы жайлы әлі шешім қабылдаған жоқпыз. 

- Алдин Джидичтің мәселесі не болды?

- Жақын арада мәселесі шешілеуі тиіс. Маусымда алаңға шығады деген ойдамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;