Боб Арум: «Чавес-кіші үшін Головкин бірінші, Фроч екінші орында»
![Боб Арум: «Чавес-кіші үшін Головкин бірінші, Фроч екінші орында»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1402018231_610763130.jpg?v=28695325)
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавec-кішігі жаңа келісімшарт ұсынбақ. Алайда Арумның сөзіне сенсек келісімшартты менеджері Билли Кинмен емес, әкесі даңқты Хулио Сезар Чавес арқылы жүргізбек. Бәрі ойдағыдай болса Чавec-кіші күз айларында шаршы алаңға қайта оралады.
Чавес үшін күзде екі бірдей таңдау түсіп тұр: орта салмақтағы WBA/IBO чемпионы Геннадий Головкин (29-0, 26 КО) немесе супер орта салмақтағы IBF/WBA чемпионы Карл Фроч (33-2, 24 КО).
«Әрине Карл Фрочпен кездескен жақсы болар еді, алайда мен алдағы кездесулер туралы Чавес-кішінің әкесімен ақылдасқанды дұрыс деп санаймын», - дейді Арум, - «Осыған қоса, Геннадий Головкин номері бірінші қарсылас болып қалмақ. Тек шілде айында болатын Даниэл Гилмен болатын кездесуде оны ұрып жықса. Ал егерде Чавес-кіші Головкинмен кездесужен бастартса, онда Фрочпен келісіп көреміз».