русский язык

Александр Кислицын: «Біз еліміздің намысын қорғаймыз»

Александр Кислицын: «Біз еліміздің намысын қорғаймыз»
Қазақстан Ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубынның қорғаушысы Александр Кислицын алдағы Венгрияға қарсы болатын ойын қарсаңында өткізілген ашық жаттығудан алған әсері туралы өз пікірін білдірді.
 
- Красножан бапкердің қол астында екінші мәрте жаттығудасыз. Қандай әсер алдыңыз? Жаттығудың ұнамайтын тұстары бар ма?
- Жоқ, керісінше бәрі ұнайды. Жағдайымыз жақсы. Юрий Анатольевпен бірге «Нальчик» командасының жиынында жұмыс істегенмін. Сондықтан оның жаттығуларының бәрін дерлік білем десем болады.
 
- Қатты қинаған сәттері болды ма?
- Мүлдем қиналған жоқпыз. Таңертеңгі жаттығу сәл қиындау болды, кешкісін тактикалық тұрғыдан біраз жаттығу жасадық.
 
- Матч алдынаңы көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Көңіл-күйіміз өте жақсы. Бәрі қуанышты, қиналып жүрген жоқпыз. 
 
- Жолдастық кездесулерде жауапкершілік аз болғандықтан ойнау оңайға түстін шығар...
- Бұл сұрақты бекер қойдыңыз. Біз әр ойынға тыңғылықты дайындықпен, мол жауапкершілікті мойнымызға арқалап шығамыз. Жолдастық матч болсын, жәй ойын болсын бәрібірде әрбір ойынға ерекше көңіл бөлеміз, өйткені біз еліміздің намысын қорғаймыз.
 
- «Қайраттың» нәтижесінің жақсаруы сізге күш береді ме?
- Әрине, ұжымдық рух барлық футболшыларға қуат пен күш береді деп ойлаймын.
 
Естеріңізге сала кетсек, 7-ші маусым күні біздің Ұлттық құрамамыз Венгрияға қарсы кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;