русский язык
Бокс

Санчес Головкиннің ықтимал қарсыласы Фроч туралы

Санчес Головкиннің ықтимал қарсыласы Фроч туралы

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, WBA/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - Карл Фроч өте мықты боксшы. Алайда, оның ойынша Фроч Головкиннің қарқынына төтеп бере алмайды.

 «Карл Гровспен жұдырықтасқанда қарсыласына қарағанда жақсы дайындалғаны көрініп тұрды. Мүмкін, ол Гровсты алғашқы кездесуде менсінбей шыққан болар. Том Леффлер мен Олег Герман оған көз қырын салып жүр, осыған орай Головкинмен кездесіп қалуы мүмкін. Геннадий кез келген бокшсымен жұдырықтастыруға дайын.

Фроч — жасанды жауынгер, көп қателіктерге бой алдырады. Егерде шаршы алаңда Головкин екеуі қолғап түйістіріп қалса, мен кімнің жеңетінің сеземін. Геннадий оны соңғы бөлімдерде тоқтатады», — деп мәлімдеді Санчеса шетел басылымдарына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;