Давид Вилья: «Алдағы біріншілік құрамадағы соңғы турнирім болмақ»
![Давид Вилья: «Алдағы біріншілік құрамадағы соңғы турнирім болмақ»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1401973783_411554060.jpg?v=28695328)
«Нью-Йорк Ситидің» жаңа ойыншысы Давид Вилья Бразилиядағы әлем чемпионаты «Қызыл фурия» сапындағы соңғы турнир болатынын айтты, деп хабарлайды eurosport.com.
«Қоштасқым келмейді, бірақ алдағы чемпионат менің құрамадағы соңғы турнирім екені анық», - деді Вилья.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Давид Вилья «Мельбурн Сити» клубына үш айға жалға берілген болатын.