русский язык
Хоккей

«Барыс» хоккей клубы өзінің жаңа өнімін шығара бастады

«Барыс» хоккей клубы өзінің жаңа өнімін шығара бастады

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын астаналық «Барыс» хоккей клубы өзінің жаңа өнімі - фирмалық ауызсуын шығара бастады, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, ауызсу жақын күндері Қазақстанның барлық дүкендерінде сатыла бастайды.

«Сатылым нүктелері жайында біз команданың сайтында және клубтың әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы хабарлап отырамыз», - деп жазады клуб.

Айта кетейік, бұл «Барыстың» бірінші өнімі емес. Биыл наурыз айында хоккей клубының «Шайба» және «Біздің жеңіс» атты балмұздақтары шыға бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;