русский язык

Фархадбек Ирисметов «Тобылға» қайта оралмақ

Фархадбек Ирисметов «Тобылға» қайта оралмақ

«Ордабасы» командасының қорғаушысы Фархадбек Ирисметов жазғы трансферлік маусымда қостанайлық «Тобыл» сапын толтырады.

Жақын күндері ол «Тобыл» командасының сапына қосылуы мүмкін. 32 жасар әмбебап футболшы қорғаныста шебер ойнайды әрі алаңда өзін еркін сезінеді. «Тобыл» командасының бас бапкері Вардан Минасянға Фархадбек Ирисметовтың осы аяқ алысы ұнаған сыңайлы. Фархадбек биылдыққа «Ордабасы» сапында тек бір рет қана алаңға шыққан.
 
Естеріңізде болса, 2007-2011 жылдары ол қостанайлық клубтың құрамында өнер көрсетіп, 2010 жылы ел чемпионы атанған және 2007 жылы Қазақстан Кубогын иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;