русский язык
Хоккей

«Лос-Анджелес» Стэнли кубогының алғашқы финалдық матчында жеңіске жетті

«Лос-Анджелес» Стэнли кубогының алғашқы финалдық матчында жеңіске жетті

«Лос-Анджелес Кингз» Стэнли кубогының финалдық алғашқы матчында өз айдынында «Нью-Йорк Рейнджерсті» тізе бүктірді.

Кездесу «патшалар» үшін сәтсіз басталды. Бенуа Пуйо мен Карл Хагелин салған шайбалардың арқасында қонақтар екі гол айырмашылығымен алға шықты. Алайда үзіліске дейін Кайл Клиффорд есеп айырмасын қысқартты, ал екінші жиырма минуттықта Дрю Даути таразы басын теңестірді.

Кейін ойыншылар ұзақ уақыт бойы бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алған жоқ. Ал ойынның нүктесі овертаймда қойылды – соңғы шайбаның авторы «Лос-Анджелестің» ойыншысы Джастин Уильямс болды.

«Лос-Анджелес Кингз» – «Нью-Йорк Рейнджерс» 3:2 ОТ (1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 – Пуйо – 13:21
0:2 – Хагелин (Бойл, Макдона) – 15:03, 
1:2 – Клиффорд (Картер) – 17:33
2:2 – Даути (Уильямс, Клиффорд) – 26:36
3:2 – Уильямс (Ричардс) – 64:36

Қақпашылар: Куик – Лундквист

Серия есебі: 1:0

 

 

 

Видео YouTube-тегі Captain Canada арнасынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;