Анатолий Богданов: «Бапкердің айтқанын ұғынып нұсқауын орындауға тырысамыз»
![Анатолий Богданов: «Бапкердің айтқанын ұғынып нұсқауын орындауға тырысамыз»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1401948044_664888636.jpg?v=28695324)
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Анатолий Богданов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында оқу-жаттығу жиыны мен «Шахтерге» ауысу мүмкіндігі туралы айтып берді.
- Жаттығу қалай өтуде?
- Бәрі тамаша. Уақытымыз аз. Сондықтан барлығын екі еселенген жылдамдықпен істеуге тура келуде. Ойыншы ретінде бапкердің айтқанын ұғынып нұсқауын орындауға тырысамыз.
- Жаттығу барысында Андрей Карповичпен қорғаныс шепте ойнап жүргеніңізді байқадық. Негізгі құрамда бірге шығуыңыз мүмкін бе?
- Жоқ, әншейін жаттығу ғой. Барлық ойыншылармен алмакезек машықтанудамыз.
- «Шахтерге» ауысуыңыз мүмкін деген сыбыс тарады бүгін...
- Бұл туралы айта алмаймын. Мәселені «Тобылдың» басшылығы шешеді. Мені командада қалдыруды дұрыс деп ұйғарса келісімге келеміз.