русский язык

Илья Ильин Анатолий Храпатыйдың турниріне қатысады

Илья Ильин Анатолий Храпатыйдың турниріне қатысады

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы және үш дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин шілде айында Алматыда өтетін Анатолий Храпатый атындағы турнирде бақ сынайды.

Спортшы Еуропадағы оқу-жаттығу жиынынан оралды. Енді дайындығын екі ай бойы Астанада жалғастырады.


Сонымен қатар, қараша айында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына қатысу жоспарланған, әлем біріншілігінде қазақстандық Олимпиада чемпиондары Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанло сынға түседі. Илья Ильиннің басты мақсаты – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу.


Қазақстандық теннисші Зарина Диас Ноттингем қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымына шықты. Зарина алғашқы айналымда австралиялық теннисші Оливия Роговсканы 6:2, 3:6, 6:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, бұл олардың алғашқы кездесуі.20 жастағы қазақстандық теннисші келесі айналымда Тамира Пажек (Австрия) пен Наоми Броуди (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас Франция ашық біріншілігі - «Ролан Гаррос» турнирінен бірінші кезеңде шығып қалған еді. Ол чехиялық Петра Квитоваға есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;