русский язык
Бокс

Әскерилер арасындағы ӘЧ. Қанжығамызда жеті алтын

Әскерилер арасындағы ӘЧ. Қанжығамызда жеті алтын

«Достық» спорт кешенінде бокстан әскерилер арасындағы 55-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Серік Сәпиев, Берік Абдрахмановтың жеңісті жолын Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері абыроймен жалғастырды.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды. Ақтық айқастарды тамашалауға еліміздің үздік боксшылары Біржан Жақыпов, Галиф Жапаров және Ермахан Ыбраимов келді.

Финалдық кездесулерде шаршы алаңға шыққан 49 келі салмақта Олжас Байниязов ресейлік Белик Галановты айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. 52 келіде Олжас Сәттібаев жеңіс тұғырынан көрінсе, 56 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев әскерилер арасында әлем чемпионы болды. 60 келіде Бекман Сойлыбаев пен 75 келі салмақта Бобыржан Момынов алтынан алқа тақты. Ал 91 келіде Асқар Абдуллаев итальяндық қарсыласын соққының астына алып алтыншы алтынды ел қоржына салды. Аса ауыр салмақта қолғап түйістірген қандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев Бразилия елінің үкілеген үміті болған Рафаэль Лиманы ұтып, әлем чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, байрақты бәсеке мамырдың 27-і мен маусым айының 3-і аралығында 20 мемлекеттен 200-ден астам боксшылар қолғап түйістірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;