русский язык
Бокс

Әскери қызметкерлер арасындағы ӘЧ. Қазақстан жалпы командалық есепте - бірінші!

Әскери қызметкерлер арасындағы ӘЧ. Қазақстан жалпы командалық есепте - бірінші!

Алматыда өтіп жатқан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар жеті алтын, бір күміс және екі қолы медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚБФ-ның ресми сайты.

Әскери қызметкерлер арасындағы әлемдік доданың жеңімпаздары - Олжас Байниязов (49 келіге дейін), Олжас Сәттібаев (52 келіге дейін), Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Бекман Сойлыбаев (60 келіге дейін), Бобыржан Момынов (75 келіге дейін), Асқар Абдуллаев (91 келіге дейін) және Қамшыбек Қонқабаев (91 келіден жоғары). Күміс медальді - Арман Рысбек (81 келіге дейін) иеленді. Сондай-ақ, Елдос Сарқұлов (64 келіге дейін) және Сағадат Рахманқұлов (69 келіге дейін) қола медальді қанағат тұтты.   

Осылайша, Алматыда өткен әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз жалпы командалық есепте бірінші орын алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;