русский язык

ӘЧ-2014. Рибери Франция құрамасының тізіміне кірді

ӘЧ-2014. Рибери Франция құрамасының тізіміне кірді

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Бразилиядағы әлем чемпионатына баратын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Франция футбол федерация (FFF).  

«Үштүстілер» қатарына мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Франк Рибери де кірді. Естеріңізге салсақ, ол әлем біріншілігіне дайындық үшін өткізілген екі жолдастық кездесуді арқасының ауырғанына байланысты жіберіп алған болатын. Сондай-ақ, Дидье Дешам алдағы 8 маусымда өтетін Ямайка құрамасына қарсы жолдастық матчта Рибери командаға көмектесе алады деп сенеді. 

Франция құрамасының толық құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Уго Льорис («Тоттенхэм Хотспур», Англия), Стефан Рюффье («Сент-Этьен»), Микаэль Ландро («Бастия»);

Қорғаушылар: Матье Дебюши («Ньюкасл», Англия), Лукас Динь («ПСЖ»), Патрис Эвра («Манчестер Юнайтед», Англия), Лоран Косельни («Арсенал», Англия), Эльяким Мангала («Порту», Португалия), Бакари Санья («Арсенал», Англия) Мамаду Сахо («Ливерпуль», Англия), Рафаэль Варан («Реал», Испания),

Жартылай қорғаушы: Йоанн Кабай, Блез Матюйди (екеуі де «ПСЖ»), Клеман Гренье («Лион»), Поль Погба («Ювентус», Италия), Рио Мавуба («Лилль»), Мусса Сиссоко («Ньюкасл», Англия), Матье Вальбуэна («Марсель»), Франк Рибери («Бавария», Германия);

Шабуылшы: Карим Бензема («Реал», Испания), Оливье Жиру («Арсенал», Англия), Антуан Гризманн («Реал Сосьедад», Испания), Лоик Реми («Ньюкасл», Англия).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;