русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италия-2014» жеңімпазы – Кинтана, Ару – үшінші

«Джиро д'Италия-2014» жеңімпазы – Кинтана, Ару – үшінші

«Джиро д'Италия» көпкүндігінің 172 шақырымға созылған 21-ші қорытынды кезеңінде жеңімпаздар анықталды.  Жарыс кестесінде аса ауытқушылықтар орын алған жоқ.

 

Жанкүйерлердің көкейінде FDJ.f шабандозы Насер Буанни «Джиродағы» төртінші жеңісіне қол жеткізеді ме деген сұрақ тұрды. Бірақ Буанни мәре сызығын тек төртінші болып кесті. Ал кезең жеңімпазы болып Giant-Shimano-ның словениялық велошабандозы Лука Мезгец танылды. Оның ізімен Trek Factory шабандозы Джакомо Ниццоло келді. Үздік үштікті америкалық Тайлер Фаррар түйіндеді.

 

Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша бірінші орынға Movistar шабандозы Наиро Кинтана орналасты. Оның отандасы Ригоберто Уран күмісті қанағат тұтты. Ал «Астана» капитаны итальяндық Фабио Ару үздік үштіктен көрінді.

 

«Джиро д'Италия» веложарысы. Қорытынды нәтиже

1. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 88:14:32

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 3:07

3. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 4:04

4. Пьер Роллан (Франция, Europcar) – + 5:46

5. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 6:41

6. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 7:13

34. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 1:23:06

45. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 1:50:49

71. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 2:38:55

97. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 3:21:52

102. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 3:33:30

124. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 4:03:51

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;