русский язык

Рибери әлем біріншілігін жіберіп алуы мүмкін

Рибери әлем біріншілігін жіберіп алуы мүмкін

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы және көшбасшысы Франк Рибери келе жатқан әлем біріншілігіне бара алмауы мүмкін.

Шетелдік басылымдардың айтуынша, Рибери жақында арқасын емдетті. Осы үшін Еуропаның үздік ойыншысы алты аптаға дейін жасыл алаңға шықпаған болатын. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Рибериді тағы да арқасы мазалап жүрген сығайлы. Алайда, франциялық жартылай қорғаушының жарақат алып қалғаны туралы ресми ақпарат шыққан жоқ.

Бразилияда өтетін әлем чемпионатында Франция құрамасы Е тобында Швейцария, Эквадор және Гондурас елдеріне қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;