русский язык
Футбол

«Ордабасы» жеңісті жұлып әкетті

«Ордабасы» жеңісті жұлып әкетті

Қазақстан Премьер-Лигасының 15-ші туры аясында шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» командасы мен кереулік «Ертіс» күш сынасты.

 

Матчтағы алғашқы голды жанкүйерлер ұзақ күтпеді. 31-ші минутта алаң иелері есепті ашты. Гол авторы команда капитаны Қайрат Әшірбеков. Алайда жанкүйрлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Көзді ашып-жұмғанша бес минуттан кейін Әлібек Аяғанов тараз басын теңестірді.  Осылайша бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Екінші тайм да Ширмялис шәкірттерінің басымдығымен өтті. Бірақ тек 79-ші минутта есепте алға шықты. Алаң иелері сапынан Араужо де Фрейре көзге түсіп, командасына жеңісті сыйлады.

 

Премьер-Лига. 15-ші тур.

«Ордабасы»(Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар) – 2:1 (1:1)

Голдар: Әшірбеков 31', Аяғанов 35', Фрейре 79'.

Төрешілер: Болат Кәрлібаев (Орал), Александр Павлов, Серік Қошқаров (Алматы)

Қосалқы төреші: Бахытжан Кенжебаев (Шымкент)

Инспектор: Виктор Абгольц (Алматы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;