Касильяс «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
![Касильяс «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1401626064_96496070.jpg?v=28696159)
Жақында ғана мадридтік «Реалмен» Чемпиондар лигасында топ жарған Икер Касильяс команданың негізгі құрамынан орын таппаса, «ПСЖ-ға» ауысады.
Егер алдағы маусымда «Реалдың» негізгі қақпашысы міндеті Диего Лопеске берілсе, Касильяс париждік клубтың сапына ойланбастан ауысады, деп хабарлайды AS El Larguero радиобағдарламасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, Касильястың «галактикоспен» келісім-шарты 2017 жылы бітеді. Ең қызығы, «Реалдың» президенті Флорентино Перестің айтуынша, Икер клубта қалады.