Лория «Астана-1964» клубымен бірге жаттығып жүр
32-жастағы қазақстандық қақпашы Давид Лория «Астана-1964» командасымен бірге жаттығып жүр.
Бұл туралы, клубтың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунттында белгілі болды. Онда: «Давид_Лория Фк_Астана1964 командасымен жаттығуда» деген жазылған.
Естеріңізде болса, «Қайрат» футбол клубының Бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Тwitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында: «Лория. Д жарақат алғандықтан отбасымен бірге болғанды жөн деп шешті» деп жазған болатын.
Дегенмен кейбір отандық БАҚ өкілдері, Лория «Қайратпен» келісімшартын бұзды деп мәлімдеді. Бірақ бұған клуб ресми жауап қайтарған жоқ.