русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италия». Ару үшінші

«Джиро д'Италия». Ару үшінші

30-шы мамыр күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 19-ші кезеңі аяқталды. Кезең ерекшелігі шабандоздар 26,8 шақырымды бөлек сөреден бастады. 19,3 шақырым таулы жол әрі 1538 метрді құрайтын шыңнан тұрды. 

Жарыс көшбасшылары Movistar-дың колумбиялық шабандозы Наиро Кинтана мен «Астана» велошабандозы Фабио Ару арасында қызықты тартыс болды. Кинтана жарысты соңғы болып бастағандықтан қарсыластарының жағдайы туралы ақпараттан құлағдар болған еді. Арудан 17 секундқа басып озып, жарыс кестесіндегі орнын мығымдап алды. Үшінші болып Оmega Pharma – Quickstep сапындағы колумбиялық Ригоберто Уран келді. 

 

«Джиро д'Италия» веложарысы. 19-шы кезең нәтижесі:

1. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 79:03:45

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 3:07

3. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 3:48

4. Пьер Роллан (Франция, Europcar) – + 5:26

5. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 6:16

6. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 6:59

33. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 1:15:20

46. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 1:44:56

68. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 2:27:04

99. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 3:11:10

104. Андрей Зейц (қазақстан, Astana Pro Team) – + 3:21:27

129. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 3:51:12

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;