Абзал Бейсебеков: «Мансабымды «Астанада» жалғастырамын»
Польшалық «Корона» футбол клубына жалға берілген «Астананың» жартылай қорғаушысы Абзал Бейсебеков «PROCПОРТ Қазақстан» тілшісіне сұхбат берді.
- Абзал, жақында «Ягелонияның» қақпасына соққан голыңызбен құттықтаймын.
- Рахмет.
- «Корона» сапында көзге түсіп үлгердіңіз. Олар сізге келісімшарт ұсынған жоқ па?
- Ол жайлы әлі сөйлескен жоқпыз.
- Егерде мұндай ұсыныс түссе, келісесіз бе?
- Ойланар едім, бапкерден қолдау болмаса ойнау қиын.
- Дегенмен, Польша чемпионатының соңғы ойындарында сіз алаңға негізгі құрамда шықтыңыз.
- Бұған себеп, менің позициямда ойнайтын ойыншының жарақат алуы. Бұған қоса, бас бапкер маған мүмкіндік бергісі келді.
- Польша мен Қазақстан чемпионатының салыстыра аласыз ба? Қай жерде ойнаған қиынырақ?
- Польша чемпионатының деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда жоғары. Десек те, елімізде ойнау оңай емес. Жыл сайын ел біріншілігіміз өсіп келеді.
- Мансабыңызды қай командада жалғастырасыз? Польша немесе басқа елдерден ұсыныстар келген жоқ па?
- Менде «Астанамен» келісімшарт. Бақса командалардан нақты ұсыныстар келген жоқ. Мансабымды «Астанада» жалғастырамын.
- «Астананың» сапына қашан ораласыз?
- Қазіргі таңда мен Кельцедемін. 31-і ойын, содан соң Астанаға аттанамын.
- Польшада тез бейімделдіңіз бе? Қиналған жоқсыз ба?
- Иә, уақыт керек болды. Бейімделуге Сергей мен оның әйелі көмектесті. Сондай-ақ, командада орысша сөйлейтін әріптестерімнің пайдасы тиді.
- Еуропада ойнау қалай екен?
- Еуропа бұл Еуропа. Барлығы жоғары деңгейде. Жанкүйерлердің қолдауы дене түйіршіктеріне дейін сезіледі. Бұның бәрінен ләззат аласың.
- Сергей де Қазақстанға оралуы мүмкін бе?
- Сергей жайлы білмеймін, оның «Коронамен» келісімшарты бар.
- Өзі кеткісі келе ме әлде қалғысы келе ме?
- Қалатын шығар деп ойлаймын.
- «Астананың» ойындарын көріп жүрсіз бе? Қалай ойлайсыз елордалықтар биыл ел чемпионатын ұта ала ма?
-Иә, ойындарын көріп жүрмін. Жалпы ел чемпионатының барлық кездесулерін тамашалауға тырысамын. «Астананың» ел чемпионатын ұтуға мүмкіндігі жоғары, команда жақсы жасақталған.
- Ел біріншілігінің ең қымбат футболшысы Ренан Брессан алаңға шықпай жүр, себебі неде деп ойлайсыз?
- Бұл бас жаттықтырушының таңдауы. «Бапкердің шешімі – заң» деген сөз бар еді ғой.
- Григорий Бабаян бұған дейін ешқашан бас бапкер болған емес, сіздің ойыңызша оны бұл қызметке тағайындау дұрыс шешім болды ма?
- Меніңше, дұрыс шешім. Бабаян – өте мықты маман.
- Григори Бабаян Еуропаға кетуі жайлы шешіміңізді қалай қабылдады?
- Қолдау көрсетіп, кеңестер берді.
- Өкінген жоқсыз ба? «Астана» сапында жиі ойнаушы едіңіз.
- Өкінген жоқпын, ол да бір керек тәжірибе.
- Жергілікті ойыншыларымыз жиі Еуропаға аттанса, бәлкім болашақ футбол жұлдыздары шығар ма еді.
- Бәрі әлі алда, тек сабырлық сақтау керек.
- Биылғы ел чемпионаты жайлы не айта аласыз?
- Чемпионат қызықты. «Қайсар» таң қалдырды мені. Өте мықты ұжым, қазіргі көрсеткіші соның бірде-бір дәлелі.
- Сіздің ойыңызша, чемпиондыққа кімдер таласады, кім фаворит?
- «Ақтөбе» фаворит. Алайда, «Астана», «Шахтер» мен «Қайрат» секілді командалар соңына дейін чемпиондыққа таласады.
- Абзал, қалай ойлайсыз біздің командалар Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне шыға алады ма?
- Әрине шыға алады. Еуропада ойнай алатынымызды «Шахтер» былтырғы маусымда көрсетті.
- Олардың ерлігін қайталау қиын болмақ...
- Қиын болатыны анық, дегенмен мұндай нәтижеге жетуге болады.
- «Ақтөбе» жайлы пікіріңіз қандай?
- «Ақтөбе» - супер команда, жақсы ойыншыларды сатып алды.
Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС