русский язык
Футбол

Берлин мен Варшава еурокубоктардың финалдық кездесуін өткізеді

Берлин мен Варшава еурокубоктардың финалдық кездесуін өткізеді

УЕФА 2015 жылғы чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ақтық ойынын қай қалада өткізетінін анықтады, деп хабарлайды segodnya.ua.

Чемпиондар Лигасының финалдық кездесуін өткізу бақыты Германия елінің астанасы Берлин қаласына бұйырыпты. Олимпиада стадионы 2006 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Сыйымдылығы — 74 228 адам.

Варшава қаласында Еуро-2012 додасына арналып салынған Ұлттық стадион Еуропа Лигасының ақтық кездесуін өткізеді. Жалпы стадионда бір мезетте 56 070 көрермен тамашалай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;