русский язык
Футбол

Ди Мария «Алтын допқа» лайықты 50 кандидаттың қатарына қалай кірмегенін түсінбеді

Ди Мария «Алтын допқа» лайықты 50 кандидаттың қатарына қалай кірмегенін түсінбеді

Мадридтік «Реал» мен Аргентина құрамасының жартылайқорғаушысы Анхель ди Мария осындай тамаша маусымды өткізе тұра «Алтын допқа» кандидат 50 футболшының қатарына қалай кірмей қалғанын түсінбейді.

«Ұлы футболшылар деп осы «Алтын допты» жеңіп алғандарды айтады. Ал мен жылдың үздік футболшысы атағына лайықты 10 немесе 50 кандидаттың қатарына кірмедім. Кейде неге осылай болатынын түсінбейсің. Себебі сен атақты клубта ойнап, маусымды жақсы өткіздің. Алайда футболда мұндайлар болып тұрады», — деді ди Мария.

Есмтеріңізге сала кетсек, 24 мамырда «Реал» жерлестері «Атлетиконы» тізерлетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының оныншы кубогын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;