русский язык
Футбол

Славолюб Муслин: «Қазақстаннан ұсыныстар бар»

Славолюб Муслин: «Қазақстаннан ұсыныстар бар»

Кезінде «Локомотив», «Химки» және «Краснодар» сынды клубтарды жаттықтырған атақты маман Славолюб Муслин «Спорт-Экспресске» Қазақстаннан ұсыныстар түскенін хабарлады.

«Маған, расымен де, жұмыс бабымен Самарадан хабарласты. «Крылья» қызығушылық танытқан екен. Алайда әлі нақты ештеңе жоқ, — деді Муслин. — Жәй ғана әңгімелестік. Маған алдағы уақытта хабарласатынын айтты. Сол кезде нақты жауап болатын шығар. Осы командамен жұмыс жасау маған да қызық боп тұр. «Крыльяның» төменгі дивизионға түсіп кеткені маңызды емес. Енді олар кері қайтуға тырысады, бұл үлкен мақсат. Ресейден басқа ешкім хабарласпады. Сонымен қатар, Қазақстан мен БАӘ-нен де ұсыныстар бар. Көреміз, барлығы осы немесе келесі аптада анықталады деп ойлаймын», - деді Муслин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;