русский язык
Футбол

«Астана» «Тараздан» басым түсті

«Астана» «Тараздан» басым түсті

«Астана» сырт алаңда «Таразды» тізе бүктіріп, соңғы үш ойындағы алғашқы жеңісіне жетті.

Бірінші таймда қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмады. Үзілістен кейін елордалықтар бірінші болып есеп ашты. Атанас Курдов Бауыржан Жолшиевті қақпашымен бірге-бір шығарып берді. Ал соңғысы мүлт кеткен жоқ. «Тараздың» бас бапкері міндетін атқарушы Нұрман Мырзабаев алаңға тыңнан ойыншы шығарып, кездесудің тағдырын өзгертуіге тырысты және бұл қадам тараздықтарға жеміс алып келді. Алдымен Тимур Досмағамбетов айып добын қауіпті орындады, бұл жерде астаналықтарды тек Владимир Логиновскийдің шеберлігі құтқарып қалды. Алайда санаулы минут өткен соң Мұрат Тілешов Данияр Байәлиевтен пас алып, айып алаңына енер тұста қақпаға соққы бағыттады. «Тараздың» шабуылшысы таразы басын теңестірді.

77-минутта тараздықтар он бір метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды, бірақ нүктеге келген Тілешов дубль жасай алмады. Керісінше 83-минутта Атанас Курдов алыстан Бабахановтың қақпасын дәл көздеді. Осы гол вице-чемпиондарға жеңіс алып келді.


 

«Тараз» (Тараз) – «Астана» (Астана) 1:2 (0:0)

Голдар: 0:1 – Жолшиев (62), 1:1 – Тілешов (69), 1:2 – Курдов (83).

Орындалмаған пенальти: Тілешов (77).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;