Бейсебеков «Корона» сапында гол соқты
![Бейсебеков «Корона» сапында гол соқты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1401259916_937608018.jpg?v=28697603)
Қазақстандық қорғаушы Абзал Бейсебеков Польша Экстракласының кезекті турында «Ягеллония» қақпасына алғашқы голын соқты.
«Корона» алғашқы таймда 3:0 есебімен жңіліп жатқанда, Абзал гол соғып көзге түсті. Осыдан кейін «Корона» жігіттері жігерленіп есепті теңестірді. Матч болса тартысты 4:4 есебімен аяқталды.
Келесі бір қазақстандық – Сергей Хижниченко ойынға тек 88-ші минутта араласты.
Осылайша Абзал мен Сергейдің командасы соңғы екі кездесуді тең аяқтап, 26 ұпаймен 13-ші сатыға жайғасты.