русский язык
Хоккей

«Лос-Анджелес» «Чикагоны» үшінші мәрте қапы қалдырды

«Лос-Анджелес» «Чикагоны» үшінші мәрте қапы қалдырды

«Лос-Анджелес Кингз» Батыс конференциясының финалында Стэнли Кубогының иегері «Чикаго Блэкхоукс» ұтып,  үшінші жеңісіне қол жеткізді.

«Корольдар» бірінші периодтың өзінде қарсыласының қақпасына жауапсыз үш шайба тоғытты. Екінші кезеңде Дрю Даути есепті еселей түсті. «Чикаго» хоккейшілері Брэндон Саад пен Брайан Бикелл есепті қысқартқанымен, алаң иелері сапынан Таннер Пирсон бесінші гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

 

Сериядағы есеп «Лос-Анджелес Кингз» пайдасына 3:1 болды. Шығыс конференциясында да осындай есеппен «Нью-Йорк Рейнджерс» «Монреальдан» басым болып тұр.

 

«Лос-Анджелес Кингз» – «Чикаго Блэкхоукс» 5:2 (3:0, 1:1, 1:1)

1:0 – Маззин (Даути, Тоффоли) – 09:00
2:0 – Габорик (Копитар) – 11:13
3:0 – Браун (Уильямс, Маззин) – 15:56
4:0 – Даути (Копитар, Уильямс) – 32:43
4:1 – Саад (Розсивал) – 34:03
4:2 – Бикелл (Кейн, Тэйвз) – 49:29
5:2 – Пирсон (Картер) – 58:58, ПВ

Қақпашылар: Куик – Кроуфорд

Сериядағы есеп: 3:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;