русский язык

Денис Теннің мұз шоуына Олимпиада жеңімпаздары қатысады

Денис Теннің мұз шоуына Олимпиада жеңімпаздары қатысады

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Алматыда әлемді мойындатқан мәнерлеп сырғанаушыларды жинап, шоу өткізбекші.

«Денис Тен және оның достары» атты мұзайдындағы көркем қойылым мамырдың 29 күні Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Артынша 1-ші маусымда Тен өзінің танымал достарын елордамыз Астанаға ертіп барады. Жерлесіміз «Алау» спорт кешенінде дәл осылай аталатын шоу-концертін ұйымдастырады. Осыған байланысты өткен баспасөз маслихатында ол қойылымның қатысушылары жайында айтып берді.

«Былтырғы шоу-бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты. Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан мұншама әлем жұлдыздары бұған дейін жиналмаған. Спортшылар  бірінен бірі асқан кіл мықтылар. Даңқты атлеттердің көбісі елімізге бірінші рет келді. Олардың Қазақстанға ат басын бұрып ел алдында өнер көрсетуі - біз үшін үлкен мақтаныш», - деді Денис.

Былтырғы жылы өнерін ортаға салып көрермендерді  қуантқан Стефан Ламбьель, Каролина Костнер сынды спортшылар Қазақ жеріне қайта оларды. Ванкувер Олимпиадасының жеңімпазы Эван Лайсачек, әлемнің бірнеше дүркін жеңімпаздары Мао Асада мен Дайсуке Такахаши, мұз үстіндегі бидің хас шеберлері Фабьен Бурза мен Натали Пешала және жапондық Мираи Нагасу да Денистің ұсынысын қуанышпен қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;