Шарапова Первактан үш геймде ғана ұтылды
![Шарапова Первактан үш геймде ғана ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1401167731_458763594.jpg?v=28695440)
Мария Шарапова «Ролан Гаррос» додасының екінші айналымына қиындықсыз өтті.
27 жастағы әлемнің 8-ші ракеткасы «Ролан Гаррос» додасының алғашқы кезеңінде отандасына мүмкіндік бермеді. Қортынды есеп - 6:1, 6:2.
Мария Шарапованың келесі қарсыласы Аника Бекті жеңген болгариялық теннисші Цветана Пиронкова болмақ.