русский язык
Бокс

Рахат Нұрпейісов: «Төрелік жоғарғы деңгейде болды»

Рахат Нұрпейісов: «Төрелік жоғарғы деңгейде болды»

Мамыр айының басында Атырау қаласында 17 елден 300-ге жуық боксшы қатысқан халықаралық жарыс өтті.

 

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды – Қазақстан, екінші – Ресей, үшінші – Әзірбайжан. Жарыстың үздік боксшысы деп Моңғолия елінің өкілі Асқар Нұрлан танылды, ал үздік төрешіні АИБА төрешісі Михаил Бутин алды. Ерлан Тәтібеков үздік бапкер номинациясын жеңіп алды.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Лық толы залдар, ұйымдастыруылы жақсы, жүлде қоры көз қызығарлықтай. Қонақтар дән риза болып қайтты. Төрелік Алматы қаласында өткен әлем чемпионатына қарағанда жоғары деңгейде болды», - деп мәлімдеді КСРО спорт шебері, халықаралық деңгейдегі төреші Рахат Нұрпейісов.

«Соңғы кездері шет ел төрешілері біздің боксшыларымыздың аяғынан шалады деген әңгіме өрбіп кетті. Бұны доғару керек. Біздің халықаралық төрешілерде түрлі үлкен додаларда төрелік етеді. Кейбір жерде төрелікте қате кетеді. Мысалы, құрметті жаттықтырушылар боксшыларды дайындау керек, мұнын орнына олар төрешілерді сынайды. Тағы да АИБА шешімімен төрелік етуді доғарған төрешілерде әлі күнге дейін төрелік етіп жүр», - деп мәлімдейді Рахат Нұрпейісов біздің басылымға.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;