русский язык
Бокс

Константин Цзю: «Чудинов Головкинмен жұдырықтасуға дайын»

Константин Цзю: «Чудинов Головкинмен жұдырықтасуға дайын»

Кәсіпқой бокстан жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Константин Цзю ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов жерлесіміз Геннадий Головкинке лайықты қарсылас бола алатынын айтты, деп хабарлайды «Чемпионат.com».

«Дмитрийдің тәжірибесі аз болғанымен Головкинке қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалса онымен жұдырықтасуға дайын. Десек те, ол үшін алдымен даниялық боксшыны жеңуі қажет», - деді Цзю.

Естеріңізге сала кетсек, WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов 1-ші маусымда даниялық Патрик Нильсенмен кездеседі. Сондай-ақ, аталмыш бокс кешінде қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев шаршы алаңға шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;