русский язык
Футбол

Юсуп Шадиев: «Қайратпен» өткен ойында «Ордабасы» жеңіске лайық ойын көрсеткен жоқ»

Юсуп Шадиев: «Қайратпен» өткен ойында «Ордабасы» жеңіске лайық ойын көрсеткен жоқ»

Белгілі қазақстандық футбол сарапшысы Юсуп Шадиев «Қайратпен» өткен ойында «Ордабасы» жеңіске лайық ойын көрсетпегенін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, Футболдан ел біріншілігінің 13-ші турында шымкенттік клуб алматылықтардан 1:0 есеппен басым түсті. 

«Ойынды көрдім, алматылықтар бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жіберіп алды. Соңында, өз-өздеріне гол соғып жіберді. Дегенмен, «Қайраттың» ойынына көңілім толды. Ордабасымен кездесуде шабуылшылардың жоқ болғанына қарамастан жақсы ойнады. Кездейсоқ гол матчтың тағдырын шешті. «Ордабасы» жеңіске лайық ойын көрсеткен жоқ», — деді Шадиев sport.nur.kz. сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;