русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италия». Ару 15-ші кезеңде топ жарды

«Джиро д'Италия». Ару 15-ші кезеңде топ жарды

25 мамыр күні «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 15-ші кезеңі аяқталды. Велошабандоздар План ди Монтекампионе шыңымен 225 шақырымды басып өтті.

 

Мәре сықығына 2 шақырым қалғанда «Астананың» жас велошабандозы Фабио Ару жалғыз өзі шабуылға шықты. Оның ізін жарыс көшбасышысы Omega Pharma – Quickstep сапындағы уругвайлық  Ригоберто Уран қуды. Алайда, Ару оқ бойы алға шығып Уранды 21 секундқа озды. 

Кезең жеңімпазы атанған Ару жалпы кестеде төртінші орыннан бірақ шықты. Уран мен Фабио арасындағы уақыт айырмасы 2 минут 24 секундқа қысқарды. Аустралиялық шабандоз Кэдел Эванс екінші сатыға жайғасса, Tinkoff-Saxo-ның намысын қорғайтын польшалық Рафал Майка үздік үштікті түйіндеді.

Командалық жағдайға келер болсақ, «Астана» Omega Pharma – Quickstep-ға 20 минут 7 секундқа қалып төртінші орынға орналасты.

Айта кетерлігі, бұл 15-ші кезең даңқты итальяндық велошабандоз Марко Пантани құрметіне арналды. 

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 15-ші кезең нәтижесі:

1. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – 57:52:51

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 1:03

3. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 1:50

4. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 2:24

5. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – + 2:40

6. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 2:42

7. Вилко Келдерман (Бельгия, Belkin) – + 3:04

33. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 48:04

38. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 49:50

54. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 1:07:35

59. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 1:18:55

107. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 2:08:07

111. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 2:11:36

128. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 2:26:38

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;