русский язык
Хоккей

ҚХЛ жаңа ережесі Қазақстан құрама ойыншылары үшін ауыр болайын деп тұр

ҚХЛ жаңа ережесі Қазақстан құрама ойыншылары үшін ауыр болайын деп тұр

ҚХЛ Қазақстан Ұлттық құрама командасының ойыншылары үшін қатаң ережелерді енгізбек.

1-ші қыркүйектен бастап енгізілетін легионерлер туралы жаңа ереже бәрінен бұрын Қазақстан құрама командасының ойыншылары үшін үлкен соққы болайын деп тұр, деп мәлімдейді ресейдің hockeypravda.ru сайты.


Біздің Құрлықтық Хоккей Лигасындағы ресейлік клубтарда ойнап жүрген ойыншыларымыз Ұлттық құрама үшін ойнауын қоймаса, легионер атануы мүмкін.
Бұл ойыншылардың қатарына шабуылшы Вадим Краснослободцев, қорғаушылар Алексей Васильченко мен Виталий Новопашин, қақпашылар Виталий Колесник, Алексей Иванов пен Алексей Кузнецов кіреді.

Бұл ереженің тағы бір қызық жері Ресей мен Белорусьтың Хоккей Қауымдастығының келісіміне сәйкейс, Белорусь Ұлттық құрамасының ойыншылары ресейлік клубтарында легионер ретінде саналмайды.

 Сондай-ақ ресейлік клубтар сапындағы Евгений Гасников, Валентин Милюков, Никита Мокин, жақында ғана ЦСКА құрамына шақырту алған Юрий Сергиенко сынды жас хоккейшілерімізді жоғалтып алуымыз мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;