русский язык
Велоспорт

«Джиро д'Италия». Қиын таулы кезең артта қалды

«Джиро д'Италия». Қиын таулы кезең артта қалды

24 мамыр күні «Джиро д'Италия» велобәйгесінің Аглие – Оропа бағыты бойынша 164 шақырымды құрайтын 14-ші кезеңі аяқталды Кезең барысында велошабандоздар бірінші, екінші және үшінші деңгейлі бірнеше тауды басып өтті.

Қатарынан екінші кезеңді Bardiani-CSF шабандоздары топ жарды. Бұл жолы отандасы Дарио Катальдоны қапы қалдырып мәре сызығын бірінші болып итальяндық Энрико Батальин кесті. Үшінші орында Colombia командасының велошабандозы колумбиялық Джарлинсон Пантано келді.  

Алғашқы жетілікте өзгеріс орын алған жоқ. «Астана» шабандозы Фабио Ару көшбасшы Ригоберто Ураннан сәл ерте келіп, жетінші орнын нығайта түсті.

 

«Джиро д'Италия» велододасы. 14-ші кезең қорытындысы

1. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – 57:52:51

2. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 0:32

3. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 1:35

4. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R La Mondiale) – + 2:11

5. Вилко Келдерман (Бельгия, Belkin) – + 2:33

6. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – + 3:04

7. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 3:16

39. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 38:17

43. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 43:30

55. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 1:00:20

56. Микеле Скарпони (Италия, Astana Pro Team) – + 1:02:58

109. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 1:47:30

117. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 1:53:01

134. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 2:04:57

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;